Bugin
Фото: zabota.gov35.ru
Елімізде алты айда 14 бала терезеден құлап кеткені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мұндай статистиканы Бала құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова хабарлады.
"Біз сізден терезеге арнайы бұғаттағыш орнатуды сұраймыз. Қарапайым ережелерді орындау баланың терезеден түсуінің алдын алуға, оның денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі. Үйіңіздің терезелері сенімді жабылғанына және баланың қолы жетпейтініне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, балаңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бір сәттік немқұрайлық үлкен қасіретке айналуы мүмкін. Балаларымыздың қуанышты күлкісі мен алаңсыз балалық шағы үшін аса мұқият және қырағы болуымыз керек. Ата-аналар, балаларыңызға қамқор болыңыздар! Әр бала бақытты және қауіпсіз балалық шаққа лайық екенін есте ұстаған жөн", - деп еске салады Насымжан Оспанова.