Bugin
Фото: amire.kz
Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Баян Сағынбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол 74 жасқа қараған шағында ауыр дерттен көз жұмды.
Баян Сағынбаева 1951 жылы 14 наурызда бұрынғы Семей облысы, қазіргі Абай облысы Абай ауданында туған. 16 жасында М.Әуезовтің "Қаракөз" шығармасында Қаракөз рөлін ойнап, елге танымал болды.
Танымал әнші өз уақытында «Қазақконцертте» еңбек етіп, Өзбекстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Удмуртия, Қарақалпақстан елдерінде гастрольдік сапарларда болды. Кейіннен Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.