Bugin

Жапондықтар таңғажайып құрылысты бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Жапондық компания 2050 жылға қарай ғарышқа лифт салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар бірқатар технологиялық қиындықтар барын айтты.

Ғарыштық лифт тұжырымдамасы әлі де ғылыми фантастикалық жоба болып саналады. Жапондық компаниясы осындай құрылыс жобасын жүзеге асыруға шешім қабылдады. Компания өкілдері қазіргі уақытта лифтті жобалаумен, тиісті зерттеулермен айналысып жатыр. Тіпті осындай ауқымды жобаны жүзеге асыруға көмектесетін корпорациялар мен мекемелерді серіктестік болуға шақыруда.

Компания ғарыштық лифт құрылысының құны 100 миллиард доллардан асатынын, ал құрылыс жұмыстарының өзі 20 жылдан астам уақыт алуы мүмкін екенін атап өтті.