Bugin
Фото: freepik.com
Жалғыз жолаушы YouTube арнасы Ирандағы қазақтар туралы фильм түсірген, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Иранда 3 қазақ ауылы бар екен. Ол жерде 5 мыға жуық қазақ бауырлар өмір сүріп келеді.
"Айт келсе 3 күн дастархан жаямыз. 3 күн дастархан жайып отырамыз. Иранда бәрі самаурынмен шай ішеді",- дейді Мариям есімді келіншек.
Ирандағы қазақтар Иранда жалақының жақсы екенін жасырмады. Олар қарапайым қызметте істесе де 40 жасында зейнетке шығатынын айтты.
"Мына үйдің бәрінде қазақтар тұрады. Мына мешіт қазақтардікі. Қазақтар қанша жылдан бері Иранда болса да, өз діндерін сақтаған",- дейді Жапар есімді азамат.
Ирандағы қазақтардың тойы да ерекше өтеді екен. Әйелдер мен ерлер бірге отырмайды. Ирандағы қазақтар қыздарын түске дейін ұзатады екен. Түстен кейін күйеу жігіттің үйінде той болады. Әйелдердің көбі ақ жаулық тағады.
"Қазақ әйелдері ақ жаулық таққан. Қазақтардың арасында ақ пен қызыл араласқан орамал тағатындар да бар. Ол біздіңкі емес. Ол Түрікмендердің киімі. Қазақтың кемпірлері ақ көйлек пен ақ жаулық киеді",- дейді Балшырын есімді қария.
Ирандағы қазақтардың көбі адай руынан екендіктерін айтты.