Bugin

Таңертең сергек ояну үшін не істеу керек?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 7Дней.ru

Күні бойы белсенді болу үшін дұрыс ұйқы өте маңызды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Күндізгі уақытта жаттығулар мен физикалық белсенділік - түнгі ұйқыға жақсы әсер етеді. Алайда жаттығулар мен маңызды жұмыстарды кешке қалдырмағаныңыз абзал. Себебі кешке жасалған жаттығулардан соң жүрек-тамыр жүйесі қатты жүктеліп, дене температурасы көтеріледі, мелатонин өндірісі төмендейді. Ал дофамин мен кортизол деңгейі, керісінше артады. Бұл өте зиян.

"Ұйқым қанық болсын десеңіз" бөлме температурасын бақылаңыз. Салқын және желдетілетін жерде ұйықтау - адам энергиясын арттырады.

Ұйқы режимін де дұрыстау қажет. Тәуліктік белсенділікті қалыпты ұстау үшін бір уақытта ұйықтап, оянуға тырысыңыз. Ғалымдар 22.00-23.00-ге дейін ұйықтап, таңғы 6-7-де оянған дұрыс екенін дәлелдеді.