Bugin

Қазақстандық спортшы тарихи жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Қазақстан спортшысы Амир Закиров брейкингтен тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бақ сынайтын болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді.Ол екінші орын иеленді.  Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген. 

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Демек, Закирдің квотасы тарихи жолдама саналады. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.