Bugin
Фото:Бибісара Асаубаева. bibisarachess парақшасынан алынды
Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday атты ХХІ халықаралық онлайн шахмат турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі FIDE халықаралық шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы Халықаралық шахмат федерациясы өзінің 100 жылдығын атап өтуде. Соның құрметіне апталық Swiss Queens Wednesday турнирі ұйымдастырылған.
Шахматтың блиц түрінен Бибісара Асаубаева 11 ұпайдан 9,5 ұпай жинап, қарсыластарынан бір ұпайға озып кеттті.