Bugin
Фото: depositphotos.com
Ыстық ауа райында балмұздақ жеу салқындауға көмектеспейді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі News.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кардиолог Дмитрий Орловскийбалмұздақ ас қорытуды ынталандырып, метаболизмді тездетететінін айтты. Бұл процесс ағзаны жылытады. Кардиолог балмұздақ пен жаздың аптап ыстығы туралы негізгі мифті жоққа шығарады
Оның айтуынша, балмұздақ денені салқындатуға көмектеспейді, керісінше, оның жұмысын қарқынды етеді. Сондықтан, уақытша салқындату сезіміне қарамастан, бұл десерт жылуды жеңудің тиімді әдісі емес.
Орловский:
"Балмұздақ сода сияқты әсер етеді. Ол дененің метаболизмін жылдамдатуға және қосымша калорияларды сіңіру үшін жылу бөледі. Балмұздақ жеу арқылы сіз асқазаныңызды уақытша салқындата аласыз, бірақ жарты сағат ішінде бүкіл денеңіз жылынып қалады", - деп атап өтті .