Bugin

Қаза болғандар бар: Полиция қызметкері жылқыны қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Полиция қызметкері жылқыны қағып кетіп, содан кейін оның көлігі Volkswagen-мен соқтығысқан, салдарынан екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Мой город ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жол апаты 23 маусымда түнде Сырым ауданының Тоғанас ауылынан алты шақырым жерде болған.

"31 жастағы полиция қызметкері жұмыс уақытынан тыс көлігімен жылқыға соғылған. Содан кейін оның көлігі Volkswagen-мен соқтығысқан. Екінші көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - дейді БҚО полиция департаменті. 

 

Еске салайық, бұған дейін әйел айналмалы дөңгелектен құлап, көз жұмғанын хабарлаған едік.