Bugin

Алапат өрт салдарынан 8 адам тірідей жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

24 маусымда Мәскеу маңындағы Фрязино қаласында көпқабатты ғимараттан өрт шықты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Известия сайтына сілтеме жасап.

Ресей ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 100-ден астам маман мен 40 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Алдын ала бағалау бойынша қызыл жалын 4 мың шаршы метрді қамтып үлгерген.

"Бір адамды Ресей ТЖМ қызметкерлері құтқарды. Оны баспалдақ маршы арқылы сыртқа алып шыққан. Ғимаратта әлі тоғыз адам бар. Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, от бесіншіден сегізінші қабатқа дейін тараған. Өртті сөндіруді жоғары температура мен қалың түтін қиындата түсуде", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан 8 адам қаза болды.