Bugin
Фото: freepik.com
Алматыда өкпесін сүйек тесіп кеткен жасөспірімге операция жасалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Мамандар бұл патологияны экзостоз деп аталатынын айтты. Науқасты жөтел қысып, ауа жетпей, ентіккен. Дәрігерлер дереу бақылауға алып, өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікке ауа жиналғанын анықтаған.
Баланың кеуде қабырғасына кішкене тілік арқылы дренажды түтікше енгізіп, ауаны шығарған. Кейін қайта тексергенде қабырғасынан сүйек өсіп, өкпені тесіп кеткенін анықтаған. Күрделі операция екі сағатқа созылды.