Bugin
Фото: Stan.kz
Алматыда биіктен құлаған әйел туған қызын тұншықтырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
24 маусым күні Горький саябағында әйел адам ажал құшты. Айналмалы дөңгелектен секіріп кеткен әйел Іле ауданының тұрғыны. Ол өз-өзіне қол жұмсамас бұрын үйінде кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген екен. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады.
"Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", – делінген Алматы облысы полиция департаментінің хабарламасында.