Bugin
Фото: Wikipedia
Қажылық кезінде көз жұмғандар саны күрт өсуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ресми деректерде қайтыс болғандардың басым бөлігі Меккеге рұқсатсыз барғандар. Олардың аптап ыстықта ұзақ уақыт жаяу жүргендері айтылуда.
Парызын өтеуге келіп, көз жұмғандар туралы Сауд Арабиясынының Денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдуррахман әл-Джаладел хабарлады. Оның сөзінше, 95 қажы ауруханаларда емделіп жатыр. Жағдайы нашарлары ел астанасы Эр-Риядқа ұшақпен жеткізілген.
Министр марқұмдардың Меккеде жерленетінін де айтты.