Bugin

"46 градусқа дейін": елімізде аптап ыстық болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Елімізде ауа райы 46 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 24kz-ке сілтеп.

Қазгидромет мамандарының пікірінше, 25-26 маусым аралығында елдің батыс және солтүстігінде жаңбыр жауса, оңтүстік халқын аптап ыстық күтіп тұр. Себебі Иран аймағынан Қазақстанға жылы ауа массалары ене бастайды.

"Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 27 маусымда республиканың солтүстігіне аптап ыстық болжанады. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35-38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40-46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар 26-27 маусымда Ақмола және Павлодар облыстарында қатты ыстық күтіледі", - деді  "Қазгидромет" РГП инженер-синоптигі Алтынзер Есбусинова.