Bugin
Фото: time.kz
Қоғамдық көлікте бақылаушы жасөспірімді қорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz-ке сілтеп.
Оқиға Қарағандыда болған. "Оңай" картасында жол ақысын төлей алмаған жасөспірімге бақылаушы қысым көрсетіпті. Оның картасында небәрі 10 теңге болмаған.
14 жасар қыздың анасы Белла Филимонова бақылаушы қызын қорлады деп есептейді.
"Баланың картасында 40 теңге болған, бірақ 10 теңге жетпейді. Мысалы, мен көлік жүргіземін. Тарифтің көтерілуімен онай картасын 10 теңгеге толтыру керек екенін білмедім. Менің қызым да бұл туралы білмеді, ол да автобусқа сирек мінеді", - деді әйел адам.
Белла Филимонова автобус бақылаушысының жасөспірімнен картаны алып, қайтармағанын айтады.
"Қызым үйге жаяу оралды, тек қасында қамқор әйел болғандықтан аман келді. Себебі кондукторға бір әйел 200 теңге берген", - дейді Белла Филимонова.