Bugin

Ыстық күнде салқын су ішудің зияны қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: dzen.ru

Эндокринолог ыстық ауа райында мұзды суды ішуге болмайтынын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 103.mag-қа сілтеп.

Мұзды су ішкенде асқазандағы ферменттер мен асқазан сөлінің бөлінуі уақытша тоқтатады. Бұл ақуыздардың дұрыс қорытылуына кері әсерін береді.

"Салқын су ішкенде өт жолдарының спазмы пайда болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, майлар қорытылмайды, ішек қозғалғыштығы төмендейді, бұл іш қатуға апаратын жол", - делінген шетелдік дәрігердің түсіндірмесінде.

БАҚ-та жарияланған мақалада ыстық су ішу де адам ағзасына зиян екені айтылған.

"65 градустан жоғары ыстық сусындарды үнемі тұтыну өңеш қатерлі ісігінің қаупін арттыратыны туралы сенімді ғылыми дәлелдер бар",  - дейді ол.⠀

Дәрігердің кеңесінше күніне 1-2 кесе шәй ішкен абзал. Алайда қатты салқын су мен ыстық өнімді тұтынбау керек. Жаз мезгілінде газдалған, бояу қосылған түрлі шырындарды көк шәй мен газдалмаған таза суға алмастырған жөн.