Спорт

Де Лигт «Реалға» өтуі мүмкін

Бұл ойыншыға «Барса» да үміткер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан,  «Аякс» жартылай қорғаушысы Матейс де Лигтқа қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Corriere dello Sport.

Дереккөздің мәліметінше, «корольдік клубтың» бас бапкері, команда басшылығынан 19 - жастағы голландық ойыншыны сатып алуды сұрап отыр. Сондай-ақ, Зидан клубтың бұл мәселеде сәл белсенді қимылдағанын қалайды, себебі «Аякс» ойыншысын «Барселона» да өз сапында көргісі келеді.

Айта кетейік, амстердамдықтар «Барселонадан» бұл ойыншы үшін 100 миллион евро сұрап отыр. «Барселона» болса тек 60 миллион беруге дайын.