Bugin

СҚО-да 13 жастағы қызға түсік жасалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысында 14 жасөспірім түсік жасатқан. Жүктілікті тоқтатқандардың арасында 13 жастағы қыз да бар. Осы жастағы тағы бір қыз ана болды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Петропавловск.news"-ке сілтеме жасап.

Өңірде 15 пен 49 жас аралығындағы бала көтере алатын жастағы 116 мыңнан астам әйел тұрады. 2880 әйел жүктілік бойынша диспансерлік есепте тұр. Ал 25 әйелді дәрігер бақылауында, өйткені жүкті болуға болмайды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс акушер-гинекологы Елена Калюжнаяның айтуынша, барлық жүкті әйел өңірдің медициналық мекемелерінде есепте тұр.

"Облыстағы жасөспірім қыздар саны - 10 950. Төрт пайызы ауыр жыныстық патологиядан зардап шегеді. Барлығы есепте. Ерте жүктіліктің зиянын түсіндіріп жатырмыз. Жастар орталықтарында кездесулер өткіземіз. Өкініштісі сол, биыл төрт жасөспірім қыз медициналық түсік жасатқан", - деді Елена Калюжная.

Облыста барлығы 18 отбасын жоспарлау кабинеті жұмыс істейді, яғни әрбір емханада бар. Кез келген әйел кеңес алу үшін тегін жүгіне алады.

Сондай-ақ, облыс аумағында 8-800-080-81-50 анонимді сенім телефоны бар. 5 айда оған 114 адам жүгінді.