Bugin

Елімізде көкжөтелден екінші бала көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қауіпті инфекциядан биылдыққа екінші бала көз жұмғанын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға Ұлытау өңірінде болған.

"Биыл көкжөтелден екі бала көз жұмды, біреуі – Қарағанды облысында, ал екіншісі – Ұлытауда. Ал олардың екеуі де екпе салатын жасқа жетпеген”, – деп мәлімдеді Айжан Есмағамбетова.

Дәрігерлер көкжөтелдің өте қауіпті инфекция екенін айтады. Сөздерінше, ауырған 10 адамның төртеуі одан өлуі мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ай сайын көкжөтелді 350-ден 400-ге дейін адам жұқтырып жатыр. Науқастардың 90%-ға жуығы екпе алмаған.

Денсаулық сақтау министрлігі халықты екпеден бас тартпауға шақырады. Елдің бас дәрігері көкжөтелге қарсы француз вакцинасы тиімді екенін айтты.