Bugin

Алматыда жолда болған тосын жағдай видеоға түсіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео кадры

Алматыда Toyota Prado жүргізушісі Toyota Camry жүргізушісінің жолын кесіп, артынша оны соққыға жыққан. Оқиға 4 маусымда кешкі уақытта болып, бейнежазбаға түсіп қалған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Дорожный патруль" мәліметіне сілтеме жасап.

"Toyota Camry жүргізушісі жолын кескен Toyota Prado жүргізушісіне сигнал берген, бұл оған ұнамаған болса керек. Prado жүргізушісі қайта-қайта төтенше жағдай жасап, Camry жүргізушісінің жолын жауып, кейін жолдың шетіне тоқтайды. Camry жүргізушісі көліктен түсіп, Prado жүргізушісіне қолын созғаны сол еді, ол бірнеше соққы жасап, оны жерге құлатады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Сондай-ақ, Camry жүргізушісінің мойын омыртқасы сынғаны және соққыдан кейін ауырсыну пайда болғаны айтылған.

"Prado жүргізушісі адамды ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабын екі рет бұзғаны үшін жүргізушіге алты айға көлік жүргізу құқығынан айыру қаупі төнуі мүмкін, сондай-ақ ол басқа да заңбұзушылықтары үшін жауапқа тартылуы мүмкін", - делінген.