Bugin

Отардағы сарбаз оқиғасы: Нұржігіт Әбділпаттаның жағдайы қалай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Отарда әскери борышын өтеу кезінде комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпатта оянды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
 

Дегенмен сарбаздың жағдайы әлі де ауыр. 

Бұл туралы оның ата-анасы әлеуметтік желіде айтты.

"Ішкі құрылысы әлі қалпына келген жоқ, емделіп жатыр. Комадан тұрғанының өзі бізге үлкен дәреже болып тұр", - дейді сарбаздың анасы Жанна Жаналина.

Анасының айтуынша, дәрігерлер Нұржігітті күніне 6-8 сағат медициналық седацияға ұйықтатады. Сол уақытта оған басқа ем шаралары жасалады.