Bugin
Фото: depositphotos
Алматы облысының прокуратурасы қызын тұншықтырып өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған әйелдің оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қыздың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шарасы жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Еске салайық, Алматыдағы Орталық демалыс саябағында әйел биіктен секріп кеткен. Ол жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды. Артынша әйел бұған дейін өз үйінде қызын тұншықтырып өлтіргені белгілі болды.