Bugin

Ғалымдар Антарктида мұзының астынан алып өзен тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ғалымдар мұздықтың астынан өзен тапты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Лайфхакер сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 40 миллион жыл бұрын Антарктиданың көп бөлігі мұзсыз болған. Сол кезеңде Жер қазіргіге қарағанда жылы болды. Бірақ Антарктидада айырмашылық барынша байқалды. Өйткені қуатты мұхит ағындары жылытылған суды экватордан Антарктидаға апарып, ондағы климатты жұмсартты.

Ол кезде Антарктиканың таулы жерлерінде мұз болған деген болжам бар. Бірақ ойпаңдар мен жазықтар жасыл болған екен. Әрі өзендер ағып жатты. Алайда, қазір өзен жүйесінің қандай болғанын анықтау өте қиын. Дегенмен Бремен университетінің зерттеушілер тобы Антарктиданың тарихы туралы көбірек білудің жолын тапты.

 

Олар «Полларстерн» мұзжарғыш кемесімен материктің батыс жағалауына экспедицияға шықты. Олар шөгінді жыныстарды зерттеді. Зерттеушілер 17-ден 24 метрге дейінгі шөгінділердің әсерлі қабаттарын анықтады.

Зерттеулер өзеннің Трансантарктикалық таулардан қазіргі Амундсен теңізіне дейін шамамен 10 миллион жыл бойы ағып жатқанын көрсетеді. Аймақтағы климат пен ландшафт шамамен 40 миллион жыл бұрын өзгере бастады. Ал 34 миллион жыл бұрын шөгінділер ағуын тоқтатты, сондықтан өзен қатып қалды немесе бағытын өзгертіп, жоғалып кетті.