Bugin

Павлодарда бірден төрт көлік соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota Mark II автокөлігінің жүргізушісі Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Hyundai жүргізушісі "ВАЗ 2115" көлігіне, Chevrolet Nexia автокөлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік апаты салдарынан Hyundai Accent көлігінің жолаушылары медициналық көмекке жүгінген. 

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.