Bugin

26 маусымға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Қазгидромет" РМК 26 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. 

"Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Түркістан облысынының батысында және шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі",- делінген хабарламада. 

Ақтөбе облысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Абай, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Ақмола облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Синоптиктер Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау, Алматы облыстарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында  төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.