Bugin

ЭКО арқылы сәбилі болған отбасы оқиғасын баяндады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Журналист, "Мәриям" қорының негізін қалаған Ләйлә Сұлтанқызы ЭКО арқылы бала сүйген тағы бір отбасы туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Ана болғым келеді" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әлім мен Элмира Шардара ауданы, Ақалтын ауылының тұрғындары. Эльмираның қайын інісі Ләйлә Сұлтанқызы құрған “Мәриям” қорының балалы бола алмай жүрген отбасыларға көмек көрсететінін естіген. Кейін қорға өзінің аға-жеңгесінің оқиғасын баяндайды.

"Бір күні қайным келіп, "болды, жеңге, Астанаға барасыз. Алла қаласа сәбилі болып келесіз" деді. Содан, елордаға келдік", - дейді Эльмира.

Алғашқы эмбрион тасымалы сәтті болып, 23 маусым күні Эльмира мен Әлім қызды болды.