Bugin

Ата-анасын қойша сабаған ер адам елдің жағасын ұстатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Алматы облысы Шамалған ауылында зейнет жастағы қарияларға ұлы күн көрсетпейді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Көреміз" бағдарламасына қариялардың туысы хабарласып, көмек сұраған. Жұлдыз есімді келіншектің айтуынша, 1997 жылы туған ер адам ішімдік ішсе ата-анасын сабап тастайды екен.

"Күйеуім 10 жыл бойы төсек тартып жатыр. Кенже балам ішімдікке әуес болды. Ішпесе тұра алмайды. 5-6 жыл болды. Бір келіншектермен жүрді. Басында дуа бар екен. 4 перзентім бар. Ағалары ұрып та, соғып та көрді. Тәуір болып жүреді. Ішіп алса әдетіне басады",- дейді Сәуле Қалиева.

Ішімдікке құмар ұлынан араша сұраған ана амалы таусылғанын айтты.

"Үкіметтің адамдары осы баламды емдеп берсе екен. Менің қолымнан ештеңе келмейді. Қаражатым да жоқ. Емдесе ем қонады деп ойлаймын. Басқа балаларыма кете алмаймыз. Олардың да жағдайы мәз емес. 3-4 баладан бар",- дейді кейуана. 


Ғарифолла есімді баласынан қорлық көрген әке де жансырын ақтарды.

"Менің басым ауырады. Оған ұрсамын. Ол сөз қайтарып, анасымен ұрсысады. Ерке бала ғой. Мен оны кенже болғаннан кейін еркелеттім. Оны оқуға да түсіре алмадық",- дейді ақсақал. 



Ішімдікке әуес Ғарифолла Нұрмағамбетовта өз шындығын айтты.

"Ішімдікке тәуелді болып қалғанмын. Іздеп тұрамын. 6 ай емделіп шықтым. Бірақ ем қонбады. Тағы да емделемін",- дейді жігіт.

Ғарифолла Нұрмағамбетов емделіп, тәуелділіктен айығуға тырысатынын айтты.