Bugin

"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылар саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылар саны 64 мыңнан асты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Осы аптаның соңында "Наурыз" бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталады. Үш айдың ішінде құжат тапсырғандардың саны 32 мыңға жетті.

Осылайша биыл "Наурыз" және "Отау" бағдарламаларына қатысушылар саны 64 мыңнан асып отыр.

Өтінім бергендердің басым бөлігі жастар екен. Әсіресе, Алматы, Астана, Шымкент және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан белсенділік басым.