Bugin
Фото: garden.id
Елімізде жұмыс уақыты 1 сағатқа ерте басталуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Ол қазақстандықтардың жұмысқа бір сағат ерте шығу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.
“Бізге көптеген өтініштер түседі, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасында шарт жасалады, ал жұмыс кестесін екі тарап жасайды. Қараңғыда жұмыс істегісі келмесе, жұмыс берушімен келіссөз жүргізіп, жұмыс кестесін қайта қарауына болады. Негізі бұл қиын сұрақ емес", – деді Светлана Жақыпова үкіметте өткен брифингте.
Светлана Жақыпова жеке бюджеттік ұйым мен мекемелерге ұсыныс тасталғанын атап өтті
“Біз ұсыныстарды жібердік, яғни жұмысты бір сағат бұрын бастауға болады. Негізі келісім екі жақты жасалады, бұл Еңбек кодексінде, заңға сәйкес көрсетілген”, – деді министр.