Bugin

Мопед мінген жасөспірім жол апатынан көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

Батыс Қазақстанда мопед мінген жасөспірім жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға БҚО Бәйтерек ауданында болған. Мопед пен мотоцикл соқтығысып, оқиға орнында жасөспірім көз жұмды. Одан бөлек, тағы үш адам жарақат алған.

"2006, 2007 және 2008 жылғы екі жасөспірім түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілген. Медицина қызметкерлерінің қатысуымен олар облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Ауыр жағдайда түскен 2006 жылғы жасөспірім 22 маусым күні қайтыс болды. 2007 және 2008 жылғы жасөспірімдерге амбулаториялық ем тағайындалды. 2008 жылғы жасөспірімге ота жасалды, жағдайы орташа ауыр, травматология бөлімшесінде емделуде", - деп хабарлады БҚО полициясы.