Bugin

Ауа райына байланысты Алматы халқына ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК алматылықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Алматыда 26 маусымда 35-қа градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде. Сәйкесінше  Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауды ескертті.

Одан бөлек қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Авто көліктермен ұзақ сапарларды шектеуіңіз керек, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі, қатты ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді.-Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.