Bugin

М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры тағы бір маусымын қорытындылады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: М.Әуезов театры

25 маусымда “Алатау” дәстүрлі өнер театрында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театры өзінің 98-маусымын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” қойылымымен қорытындылады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Театр ұжымы сүйікті көрерменіне қошеметі мен қолдауы үшін алғыс білдірді. Маусым бойы қойылған әр қойылым, сахна мен әртістердің барлық жұмысы патша көңіл көрермен үшін екенін айтып жеткізді. 


М.Әуезов театры

Мұхтар Әуезов театры қанық эмоциялар мен керемет туындыларға толы болатын жаңа маусымда көрерменін құшақ жая қарсы алады.

“Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” қойылымының режисері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов. 

Актерлық құрам:  Қозы- Ә.Базарбай 

Баян – Г.Досанова  

Қодар – И.Мәзімбай  

Жантық – Н.Әбілов 

Қарабай- Б.Тұрыс 

Мақпал – К.Шаяхметова  

Күнікей – Д.Жүсіп 

Жарқын – Ж.Толғанбай  

Айдар – Ж.Садырбаев 

Таңсық – А.Ағымбай.

М.Әуезов театры

М.Әуезов театры

Маусымның жабылу салтанаты кезінде Мәдениет және ақпарат министрлігі ықылас гүлін сыйға тартты. 


М.Әуезов театры

Қойылым алдында театр музейі ұсынған фотосуреттер көрмесі болды.

М.Әуезов театры

М.Әуезов театры

Театрдың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Тілеуқұлұлы алғысөзбен бастап, Ұлттық театр көрерменіне алғысын білдіріп, кезекті 98-маусымның өз мәресіне жеткенін хабарлады.