Bugin

Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап, қаза болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ATYRAU ONLINE

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атыраудағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.  Қалалық Полиция басқармасы қайғылы жағдайға қатысты мәлімет берді:

"2017 жылы туған қыздың үстіне ескерткіш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

ATYRAU ONLINE мәліметінше, 25 маусым күні Жеңіс саябағында ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің құрметіне орнатылған ескерткіш 7 жасар қыздың үстіне құлап кетті. Қыз аяқ астынан жауған жаңбырдан қорғанбақ болған.

Алған жарақаттарынан бүлдіршін балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды