Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Қазинформ
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 4 күндік жұмыс аптасына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Бұл сұрақ тек қана талқыланып қойған жоқ, қазір Еңбек кодексінің заң жобасында қаралып жатыр. Бұл жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Мәселен, қыс мезгілінде қонақ үйде жұмыс істейтін қызметкер 4 күн жұмыс істейді деп тіркелсе, туристік маусымда жұмыс берушілер жұмыс күнін 6 күнге дейін соза алады. Дегенмен аптасына 40 сағаттық жұмыс күні сақталуы керек. Белгіленген уақыт бұдан асып кетпеуі керек. Атап өткен мәселелер жұмыстың түріне, саласына байланысты өзгеруі мүмкін", - деді Тамара Дүйсенова.
Еске сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілетінін айтқан еді.