Bugin
Фото: depositphotos
2024 жылғы 27-28 маусымында елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон әсер етеді. Еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлерінде найзағай болып, мол жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел қатты соғады.
Жаңбыр қарқыны 27 маусымда оңтүстік-батыста, 27-29 маусым күндері солтүстік-батыста, 28-29 маусым күндері еліміздің батысында, солтүстігінде қатты болады. Еліміздің шығысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
Елімізде аптап ыстықтың беті 27 маусым күні солтүстік-батыста, 28-29 маусым оңтүстікте, 29 маусым солтүстікте, орталықта қайтады.
Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында +40+43°С градусқа дейін қатты ыстық сақталады.