Bugin

Бишімбаев ісі: сот үкімі өзгерді ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Астана сотында судья Шынар Ерғалиева төрағалық етуімен Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтті. Экс-министрдің қорғаушыларының өтініштері қанағаттандырылмады.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, ал олардың адвокаттары мен қорғаушыларының апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады.

Судьялар алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды және негізді деген қорытындыға келді.