Bugin

Елімізде әйелдердің зейнет жасы төмендей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова 2024 жылдың 26 маусымында Қазақстанда әйелдердің зейнеткерлік жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петицияға пікір білдірді, - деп хабарлайды, - Bugin.kz порталы. 

Тамара Дүйсенова заңнамада әйелдер үшін зейнетке шығу жасы көзделгенін атап өтті.

"Әйелдер үшін зейнетке шығу 61 жастан басталады. Егер мұндай петиция түссе, әрине, белгіленген тәртіппен қарастырамыз. Бірақ бүгінде біз зейнетақылардың басым бөлігін мемлекеттен емес, өзіміз қалыптастырған зейнетақы активтерімізден алатынымызды ескеру қажет. Сондықтан, егер біз 55-те шығатын болсақ, зейнетақы мөлшері де азаятынын түсінуіміз керек", - деп атап өтті ол.

Бұл ретте ол заңнамада зейнетақыға ерте шығуды көздейтін нормалар бар екенін атап өтті. Зейнетақы жинақтарына байланысты 53 немесе 55 жаста зейнетке шығуға болады.