Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
"Көреміз" бағдарламасынан Айша есімді келіншек көмек сұрады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Айша Печугина 19 жасында тұрмысқа шыққан. Бірақ сүйген жары жарты жолда айнып, тоқал алған. Күйеуі мен тоқалы келіншекке күн бермейтін көрінеді.
"Оның сөзіне, ісіне қарап бірге тұра алмайтынымды білдім. Ол тоқал болғанымен мен онымен сыйыса алмайтынымды сездім. 3 жыл болды арпалысып келе жатқаныма. Жылағаннан көз жасым да қалмады",- дейді Айша Печугина.
3 баланың анасы Айша өзінің жетім өскенін жасырмады.
"Перзент балалар үйінде өстім. Әмина апаның қол астында болдым. Күйеуім Бақытжан да сол жерде өсті. 2021 жылы көзіме шөп салып жүргенін білдім. Отасқанымызға 7 жыл болған. Мен ажырасып кеттім",- дейді келіншек.
Айша Печугина күйеуімен ажырасып кеткенімен тоқалы күнде келіп ойран салады екен. Айшаның экс-күйеуінің қазіргі келіншегі Зылиха Әлиева да өз шындығын айтты.
"Бақытжанмен заңды некеге тұрмадық. Бақытжанмен бірге жұмыс істегенбіз. Олар ажырасып кеткеннен кейін Бақытжанмен көңіл жарастырдым",- дейді Зылиха Әлиева.
Ол күйеуінің бірінші әйелі өздерінен алыс тұрғанын қалап, осындай қадамдарға барғанын айтты.