Bugin
Фото: zakon.kz
Өскеменде әйел адам полицейлерді боқтап, жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол күйеуін бөлімшеге әкетпек болған тәртіп сақшысына қарсы шыққан. Осылайша келіншек 4 жылға бас бостандығынан шектелді.
Қалалық соттың баспасөз қызметі полиция қызметкерлерінің түскен арыз бойынша көрсетілген мекенжайға барып, ер адамды бөлімшеге алып кетпек болғанын хабарлайды. Алайда күйеуі үшін тәртіп сақшыларына қарсы шыққан әйелдің басы дауға қалды.
"Әйел адам полицейлердің бірінің бетінен, басынан және аяғынан бірнеше рет ұрып, екіншісінің иек тұсына жұдырық сілтеген. Мас күйде болған әйел қызметтік міндетін атқарып жүрген құқық қорғау органы қызметкерлеріне балағат сөздер де айтқан", - делінген сот хабарламасында.