Bugin
Фото: instagram.com
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жиеніне ұсыныс жасалды. Алайда жастардың бұл әрекеті сынның астында қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Президенттің жиені Лаззат Нұрқожаеваға 24 маусым күні Оруу-Сай шатқалында ұсыныс жасалған. Алайда бойжеткеннің шатқалға Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен барғаны белгілі болды. Дәл осы әрекет көптің ашуына тиді.
Алайда президент Жапаров халыққа түсініктеме берді.
"Дұрыс айтасыз, ысырапшылдықты тоқтату керек деп айтып жүрмін. Ең болмаса, болашақ күйеу балам бұл бастамамды қолдап, мені де, өзін де қоғамның сынаны қалдыратынын ойлануы керек еді. Әлі жас болғандықтан осылай жасады деп ойлаймын. Біз тікұшақтарды коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат бердік, олар өз құнын ақтауы керек қой. Әрбір тиын мемлекет бюджетіне түседі, осылайша әуе кемелері де тұрақты жаңартылатын болады", – деді Садыр Жапаров.
Артынша ол жиенінің ойланбай жасаған әрекеті үшін халықтан кешірім сұрайтынын жеткізді.
"Бұрын басқаларды сынайтынмын, қазір өзімнің жиенім үшін халықтан кешірім сұрап отырмын. Ол әлі жас, осы оқиғадан дұрыс қорытынды шығарады деп сенемін”, – деді президент.