Bugin

Балабақшада 34 бала астан уланып қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mmkids.ru

Түркістан облысына қарасты Келес ауылында 34 бала уланып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Балалар балабақша тәрбиеленушілері екені анықталған.

Олар 24 маусым күнгі таңғы астан кейін өздерін нашар сезіне бастаған. Балабақша қызметкерлері дәрігер мен медбике шақырды.

"Келес ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі тексеріс жүргізді. Балаларға таңғы асқа берілген ботқа мен сүт сараптамаға жіберілді. Балалар қазір дәрігерлердің жіті бақылауында. Келес аудандық ішкі істер бөлімінде қылмыстық іс қозғалды", - дейді облыстық білім басқармасы.

Қазір балалар үйлеріне қайтарылған.