Bugin

Байжановтың адвокаты сот кезінде Tiktok-та отырып, ақша тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғарғы сот

Бақытжан Байжановтың қорғаушысы сот отырысы кезінде TikTok желісінде тікелей эфир жүргізген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz порталына сілтеп.

Бұл ақпаратты апелляциялық сот барысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеді. 

"Егер Секеров туралы айтатын болсақ, ол судьяның рұқсатынсыз TikTok-та тікелей эфирге кіріп, сол арқылы ақша тапқан. Артынша судья оған тікелей эфир жүргізуге тыйым салды", – дейді марқұмның ағасы.