Bugin
Фото: ТЖМ
Оралда жатақхана өртеніп, жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ТЖМ мәліметінше,26 маусымда Орал жатақханаларының бірінде жалын шарпып, жасөспірім сыртқа қашып үлгермеген.
"Құтқарушылар шақырылған жерге келгенде, жанып жатқан бөлмеде адам бар екені анықталды. Алдыңғы есікті ашқан өрт сөндірушілер 2009 жылы туған қызды құтқарды. Өрт сөндірушілер жасөспірімді жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деді БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Қаза тапқандар жоқ.