Bugin

+38 градусқа дейін ыстық: алдағы күндері Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Синоптиктер 27-29 маусым күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
 

27 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 33-35 градус жылы.

28 маусымда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.

29 маусымда ауа райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы:

27 маусымда мегаполисте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 34-36 градус жылы.

28 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 36-38 градус жылы.

29 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 34-36 градус жылы.