Bugin

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: sud.gov.kz/ Нурлан Султанов. 

Бүгін Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынуымен Жоғарғы сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бейсенбіде Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты қызметінен босату туралы ұсынысын енгізді.

"Сенаттың қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьясы Нұрлан Сұлтановты отставкаға кетуіне байланысты қызметтен босату туралы ұсынысы енгізілді. Нұрлан Сұлтанов құрметті отставкаға кетуге ниет білдірді", - деді Денис Шипп.

Сенат мүшелері судьяны қызметінен босатуды қолдап, бірауыздан дауыс берді.