Bugin
Фото: depositphotos
Жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция мәліметінше, үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған.
"Көлік жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, тағы бір жолаушы дене жарақатымен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Олардың бәрі Алматы облысы, Талғар ауданының тұрғыны екені белгілі болды", - деп хабарлады полициядан.
Төрт адамның өлімімен аяқталған апат бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Қайтыс болғандар 21-22 жастағы жігіттер екені анықталды.