Bugin

Алматыдағы автобус апаты: оқиғаға себепкер жүргізуші ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматыда адам өлімімен аяқталған жол апатына себепкер жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Алматы қалалық полициясына сілтеме жасап.

"Бұған дейін берілген ақпарат бойынша, бүгін Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған адам өлімімен аяқталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін сараптама тағайындаған. Қалалық полиция апатқа қатысты басқа да мән-жайлар анықталып жатқанын айтты.