Bugin

“39 градус ыстық”: 28 маусымға арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Синоптиктер ертең, 28 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 

Жетісу облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 

Астанада күннің екінші жартысында найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күннің екінші жартысында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

"Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, дауыл, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с",- делінген хабарламада.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда желдің екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36, облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.