Bugin
Фото: freepik.com
Атырау облысында қайғылы жағдай орын алды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақ Жайық сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат порталының мәліметінше, 16 маусымда Миялы ауылындағы жеке тұрғын үйге найзағай түскен. Үй өртенген. Бұған дейін өкілетті органдар өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеген екен. Алайда кейін үйдің ішінде адам бар болғаны белгілі болды.
1989 жылы туылған Өзбекстан азаматы жаңадан салынып жатқан үйдің ас бөлмесінде болған.
Мүрдені қарау кезінде дене жарақаттары анықталған жоқ.
Мүрде Сот-медициналық сараптама тағайындау үшін аудандық аурухана жанындағы мүрдеханаға тапсырылды.