Bugin
Фото: ust-kamenogorsk.city
Оралда өзін абайсызда атқан полицей көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
21 жастағы полицей есін жимастан аурухана төсегінде ажал құшқан. Ол өзіне абайсызда қарудан оқ атқан. Дәрігерлер полицейге ота жасап, самайдан кірген оқты алып шыққан. Алайда ер адамның өмірін ажалдан арашалай алмады.
БҚО полиция департаменті жас жігіттің өлімі абайсызда болған жағдай ма, әлде тәртіп сақшысы суицид жасамақ болды ма, оны енді тергеу анықтайтын болады.